Мектеп оқушысы күн жүйесін зерттеудің жаңа тәсілін ойлап тапты
Екібастұз қаласының №13 жалпы білім беретін орта мектеп оқушысы Александр Каминский VR технологияларын пайдалана отырып, күн жүйесінің планеталарын зерттеуге арналған интерактивті зертхана әзірледі, деп хабарлады Elorda.info Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Оқушының айтуынша, жоба білім беру тақырыптарына негізделген интерактивті ойындардан тұрады. Ол тақырыпқа қызығушылықты арттырып, терең іздене түсуге мүмкіндік береді.
Ойын күн жүйесінің планеталары туралы жұмбақтарды шешуге негізделген. Ойын арқылы түрлі планеталар туралы ақпаратты жаттап алуға болады. Оқытудың бұл әдісі күрделі ұғымдарды есте сақтауға және түсінуге мүмкіндік береді және оқушылардың қызығушылығын арттырады. Жобаны білім беру ұйымдарында, оның ішінде мектептерде планеталар мен күн жүйесін зерттеудің қосымша ресурсы ретінде пайдалануға болады. Оны астрономия сабақтарына қызықты қосымша ретінде немесе сабақтан тыс уақытта қолдануға болады, - дейді Александр Каминский.
Жобаның ерекшелігі, пайдаланушыларға Күн жүйесінің планеталары және олардың ерекшеліктері туралы ақпаратты зерттеуге практикалық мүмкіндік береді. Тақырыпты оқу немесе фактілерді тыңдаудан гөрі, ойын оқушылардың оқу процесіне белсенді қатысуына ықпал етеді.
VR технология қарқынды дамып келеді, оның тиімділігі де жоғары. Ол компьютерлік жүйелермен өзара қабыса отырып, біздің ойлау, қабылдау сезімдерімізге визуалды түрде әсер ете алады. Яғни, білім беру, жаттығу мен түрлі сауық сайранға жаңа мүмкіндіктерге жол ашады, - дейді өнертапқыш оқушы.
Айта кету керек, Александрдың болашақтағы жоспар IT-технологияны игеру.