00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ұлттық үздіксіз инклюзивті білім беру орталығы құрылады

15 қаңтар, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ұлттық үздіксіз инклюзивті білім беру орталығы құрылады

Кездесу барысында Оқу-ағарту министрлігі арнайы және инклюзивті білім департаментінің директоры Лаура Бұтабаева 2024 жылға арналған жұмыс жоспары туралы айтып берді. 

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға ерте көмек көрсету мақсатында бүгінгі таңда психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің санын арттыру бойынша жұмыс жүргізілуде. 

Қазір елімізде 215 ППТК жұмыс істейді, 2024 жылы қосымша 9 түзету кабинетін ашу жоспарлануда. Қазіргі күні мектептерде 700-ден астам инклюзияны қолдау кабинеті жұмыс істейді, биыл олардың саны тағы 57 бірлікке ұлғайтылатын болады.

Сонымен қатар, биыл 14 ПМПК ашу жоспарлануда.

Дөңгелек үстелде сөз сөйлеген Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев инклюзивті білім беру жүйесін дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Бұл бағытты дамытудың маңыздылығын түсіне отырып, 2023 жылдың желтоқсанында министрлік құрылымында арнайы және инклюзивті білім департаменті ашылды.

Арнайы білім әр баламен жеке жұмыс жасауды, әр балаға назар аударуды қажет етеді. Осы мақсатта Ұлттық үздіксіз инклюзивті білім беру орталығын іске қосу жоспарлануда. Сонымен қатар біз кадрларды даярлау жәнжәнежәнжәнеежәнжәнежәнжәнееее қайта даярлау мәселесін қарастырамыз. Сондықтан педагогтер оқытатын жоғары оқу орындарының бағдарламаларына «инклюзивті білім беру» модульін қосу жоспарланып, педагогтер үшін біліктілікті арттырудың жаңа курстары әзірленуде, — деді Ғани Бейсембаев.

Дөңгелек үстел барысында ғылыми қоғамдастық өкілдері: педагогика ғылымдарының докторы, профессор Роза Сүлейменова, доцент, педагогика және психология институтының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Ғалия Абаева, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері сөз сөйледі. 

Іс-шара соңында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев департамент директорына еліміздегі инклюзивті білім беруді дамытудың стратегиялық жоспарын әзірлеуді тапсырды.