00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Әлемге әйгілі ғалым Жұбанов университетінде дәріс оқиды

16 қазан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Әлемге әйгілі ғалым Жұбанов университетінде дәріс оқиды
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Стефан Арнольд Бари Жұбанов университетінің студенттері үшін семинарлар мен дәрістер өткізеді, деп хабарлады Elorda.info Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Шетелдік ғалым  ағылшын және неміс тілдері кафедрасының студенттері мен магистранттарына академиялық жазу бойынша дәрістер, профессор-оқытушыларға арналған әдістемелік семинарлар ұйымдастырады.

Сондай-ақ магистранттарға ғылыми жұмыс бойынша бағыт-бағдар береді.

2017 жылы профессор Онтарио провинциясының балалар мен жастар мәселелері жөніндегі министрі Лаура Албанезеден еріктілер қызметі үшін сыйлығын алды.

2011 жылы салыстырмалы халықаралық білім беру қоғамы (Монреаль, Квебек) «Білім берудегі тілдік мәселелер бойынша үздік диссертациясы (2009/2010) үшін» марапаттады.

Оның зерттеулері ТДМ, Еуразиядағы (Ауғанстан, Орталық Азия, Солтүстік-Батыс Қытай және Украина) және Солтүстік Америкадағы сапалы білім мен экологиялық сауаттылыққа бағытталған.