«Келешек мектептері»: 3 мыңнан астам педагог біліктілігін арттырады

Бүгін, 14:28
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
views45
«Келешек мектептері»: 3 мыңнан астам педагог біліктілігін арттырады
Фото: Freepik.com

Оқу-ағарту министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға арналған кешенді бағдарламаны іске асыруды жалғастырып жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Жыл соңына дейін 3 мыңнан астам педагог онлайн-оқытудан өтеді.

Курстар базалық деңгейдегі 11 пәнді қамтиды: бастауыш сынып, қазақ, орыс және ағылшын тілдері, математика, информатика, физика, химия, биология, география және тарих. Оқыту «Өрлеу» LMS цифрлық платформасында өтеді, онда пәндік оқу материалдары мен мұғалімдер үшін қиындық тудыратын тақырыптарды айқындауға арналған диагностикалық тестілер ұсынылған. Бағдарлама пәндік білімді негізгі жұмысынан қол үзбей жаңарту, кәсіби құзыреттілікті арттыру және мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсетуге бағытталған.

Айта кетейік, өткен жылы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 35 мектептен 2 мыңнан астам педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Оқыту қорытындысы бойынша қатысушылар кәсіби дамуын одан әрі жалғастыруға арналған жеке ұсынымдар берілді.