ІІМ жолда жүру ережесін мектептерге жеке міндетті пән етіп енгізуді ұсынды

Бүгін, 20:02
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views53
ІІМ жолда жүру ережесін мектептерге жеке міндетті пән етіп енгізуді ұсынды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев жолда жүру ережесін мектептерге жеке міндетті пән етіп енгізуді ұсынды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Ел жұртшылығының назарын балалардың жолдағы қауіпсіздігі мәселесіне аудару мақсатында түрлі профилактикалық акция өткізіліп жатыр. Мәселен, балалардың жол-көлік жарақаты жағдайын тұрақтандыруға бағытталған іс-шаралар іске асырылып келеді. Сонымен қатар сала мамандары жолдағы балалардың апаттылығын және кәмелетке толмағандарды жолда қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларына үйретуге бағытталған пәндерді оқытудың қазақстандық тәжірибесін басқа елдермен салыстырылып жатыр. Білім беру процесінде жол ережелерін оқыту курстарын қолдану тәсілдерінің айтарлықтай айырмашылығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, бұл Қазақстан Республикасының мектептерінде жол ережелерін оқытуға бөлінген болмашы сағаттардың санына қатысты. 

Осыған байланысты, Ішкі істер министрлігі мектеп бағдарламаларында жол ережелері бойынша сабақтарды жеке міндетті пән ретінде енгізуді ұсынып отыр.

Мұндай сабақтар арқылы жолдарда заңға бағынатын мінез-құлық нормаларын сіңіріп, өзі жүргізуші болған кезге дейін есейген сайын жол қауіпсіздігіне жағымды әсер етеді. Балалардың жол көлік жарақатының алдын алуда ең мықты құралдардың бірі – жас жол инспекторлар жасағының қызметін ұйымдастыру.

Дүниежүзінің көптеген елінде мектеп оқушыларын жол қауіпсіздігі мәселелеріне тарту идеясы ұзақ уақыттан бері білім беру және қоғамдық мәдениеттің бір бөлігіне айналып келеді. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, мұндай бастамалар жолдағы жарақат қауіпін төмендетеді және өскелең ұрпақ арасында азаматтық жауапкершілік сезімін қалыптастырады», – деді ӘПК төрағасы.