00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада педагогтар саммиті өтеді

18 қыркүйек, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада педагогтар саммиті өтеді
Фото: ашық дереккөз

5-8 қазан күндері Қазақстан тарихында тұңғыш рет Педагогтар саммиті өтеді. Астанада ұйымдастырылатын бірегей іс-шараға әлемнің үздік мұғалімдері жиналады, деп хабарлады Elorda.info.

Олар өз тәжірибелерімен және балаларды ең тиімді және нәтижелі оқытудың әдістерімен бөлісетін болады. 

Педагогтар саммиті – мұғалімдерге, ата-аналарға және мектеп басшылығына арналған кәсіби білім беру платформасын құруға бағытталған бастама.

Саммит Nobel Fest фестивалі аясында өтеді, осы орайда елордаға "ғылыми жұлдыздар шоғыры" жиналады. Оған әлемдік ғылымның ең мықтылары – Нобель сыйлығының лауреаттары, "Прорыв" сыйлығының иегерлері (ғылыми Оскар), зерттеушілер, әзірлеушілер, футурологтар және басқа да өнертапқыштар қатысады.

Саммит осы айтылған шара аясында білім саласын айшықтау мақсатында ұйымдастырылып отыр.