Елімізде колледжде оқитындар саны көбейді
Елімізде колледжде оқитындар саны көбейді
Finprom.kz мәліметінше, төртінші жыл қатарынан студенттер саны артып келеді. Олардың 48,1пайызы қыздар. Оқу жылының басында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы барлық студенттердің 60 пайыздан астамы 16–18 жас аралығындағы студенттер болды. Бұл ретте 25–29 жас (16,8 мың адам), 30–34 жас (16 мың адам), 35–39 жас (13,5 мың адам), сонымен қатар 40 жастан асқан (17,9 адам) студент бар.
Сондай-ақ, 2023/2024 оқу жылының басында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 14 жастағы 2,5 мың студент және 14 жасқа дейінгі 7 студент білім алуда.
Студенттердің көбі қазақ және орыс тілдерінде оқиды. Сондай-ақ 1,5 мыңға жуық студент ағылшын тілінде, 94 студент ұйғыр тілінде, 2 адам өзбек тілінде оқиды.