00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде екінші сынып оқушылары үшін шет тілін алып тастауы мүмкін

11 сәуір, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде екінші сынып оқушылары үшін шет тілін алып тастауы мүмкін
фото: bilimdinews.kz

Бұл туралы  «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Оның талқылауы 24 сәуірге дейін жалғасады, деп хабарлады Elorda.info.

2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 2-сыныпта «Шет тілі» пәні алынып тасталды. «Көркем еңбек» пәнінің орнына «еңбекке баулу» және «бейнелеу өнері» пәндері енгізілді. 10-11 сыныптарда оқу жүктемесінің қысқаруымен үлгілік оқу жоспарларында «Шет тілі» пәні бойынша сағат саны ауыспалы жүктеме сағатының есебінен 1 сағатқа ұлғайтылды, - делінген хабарламада.

Нәтижесінде 11 жылдық оқыту шеңберінде оқу бағдарламаларын жетілдіру бойынша жүйелі жұмыс Қазақстандық білім беру жүйесін білім берудің халықаралық стандарттық сыныптамасы деңгейіне шығаруға мүмкіндік береді және мектеп түлектеріне Еуропалық біліктілік шеңберінің қажетті деңгейлерін игеруге мүмкіндік береді, деп сендірді жоба авторлары.