00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстан құрама командасы Еуропалық олимпиадада 6 медаль жеңіп алды

30 маусым, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстан құрама командасы Еуропалық олимпиадада 6 медаль жеңіп алды
Фото: Оқу-ағарту министрлігінен

Белград қаласында (Сербия) әлемнің 9 елінен 98 оқушы қатысқан еуропалық географиялық олимпиада аяқталды. Оған 6 оқушыдан тұратын Қазақстан ұлттық құрамасы да қатысып, 6 медаль жеңіп алып, тамаша нәтиже көрсетті, деп хабарлады Elorda.info.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, олар: 

• Санжар Хамитов – Ақтөбе қаласының ФМБ НЗМ 11 сынып оқушысы – алтын медаль;

• Аида Давлетова –Астана қаласының НЗМ 11 сынып оқушысы – күміс медаль;

• Қанат Серікбай – Шымкент қаласының ХББ НЗМ 10 сынып оқушысы – күміс медаль;

• Әрсен Сыдықов – Шымкент қаласының ХББ НЗМ 10 сынып оқушысы – қола медаль;

• Әлихан Қалмағамбетов – Ақтөбе қаласының ФМБ НЗМ 10 сынып оқушысы – қола медаль;

• Сабыр Жомарт – Жамбыл облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы – қола медаль.

Еуропалық географиялық олимпиада (EGeO) 2015 жылдан бері өткізіліп келеді. Олимпиада жазбаша тестілеу, мультимедиялық тест және далалық турды қамтиды. Тапсырмалар тек ағылшын тілінде берілді, – дейді топ жетекшісі Абай Дүйсен.

Айта кетейік, өткен жылы құрама команда 1 алтын, 1 күміс және 4 қола медаль жеңіп алған болатын.