00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астананың ең үздік педагогтері анықталды

18 қараша, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астананың ең үздік педагогтері анықталды
Фото: дереккөз

Астанада «Үздік педагог – 2023» қалалық байқауының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлады Elorda.info.

Байқауға жетістіктері бар, сондай-ақ зияткерлік даму деңгейі, рухани-адамгершілік мәдениеті жоғары, заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген, шығармашылықпен жұмыс істейтін, дарынды педагогтер іріктелді. 

Биылғы байқаудың жүлде қоры 10 350 000 теңгені құрады. 

Осы жылы байқауға елорданың барлық білім беру ұйымдарынан 68 педагог қатыстып, өз бақтарын сынады.

Байқау талаптарының жоғары болғанына қарамастан, тәуелсіз сарапшылар үздіктің үздігін анықтады. 

Байқауға қатысушылар өздерінің жоғары эрудицияларын көрсетіп, кез келген жағдайдан ұтымды шығып, өздерінің педагогикалық шеберлігін, кәсіби құзіреттілігін көрсетуге дайын екендігін көрсетті. 

Байқау қорытындысы бойынша 80-100 балл жинаған 10 қатысушы байқау жеңімпаздары болып анықталды және «Үздік педагог – 2023» атағын беруге арналған республикалық байқауға жолдама алды.