00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада «Колледж мамандықтары жәрмеңкесі » жобасы ұйымдастырылды

Астанада «Колледж мамандықтары жәрмеңкесі » жобасы ұйымдастырылды
коллаж Elorda.info

Астанада «Колледж мамандықтары жәрмеңкесі » жобасы ұйымдастырылды

Іс-шараны  №58 мектеп-гимназиясының директоры Ақмоншақ Нұғман ашты.  Астана қаласындағы 12 орта мамандандырылған оқу орындары болашақ мектеп түлектерін мамандық түрлерімен таныстырып, кеңес берді.  

Оқушылардың болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауына көмектесу үшін 2 жылдан бері осындай жәрмеңке форматындағы іс-шараны ұйымдастырып келеміз. Бүгін аталған мамандықтар жәрмеңкесіне 12 колледж қатысып отыр. Оның ішінде гуманитарлық та, техникалық бағыт та бар. Гимназияда 9-сыныпта оқитын 273 оқушы осы оқу орындарының ұсыныстарымен танысып, өздеріне бағыт-бағдар алатын болады. Барлық колледжде мемлекеттік грант бар. Жақсы оқыған оқушылар тегін оқуға түсе алады, - деді «Колледж студенттері мен түлектерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Аңсар Қайыржанов.  

 

Оның айтуынша, осындай жәрмеңкелер нәтижесінде грантқа түсуші студенттердің саны артып келеді. Мәселен, Астана қаласы әкімдігінің «Сервис және туризм колледжі» ШЖҚ МКК былтыр 320 бала грантқа оқуға түскен. «Ал бұл көрсеткіш жылдағыдан жоғары» дейді ұйымдастырушылар. 

Астана қаласы әкімдігінің «Сервис және туризм колледжі» ШЖҚ МКК 12 мамандық бойынша білім береді. Оның ішінде 3 мамандық туралы ерекше айтқым келеді. Олар: орман шаруашылығы, бақ -саябақ шаруашылығы, ландшафтық дизайн. Міне, осы мамандықтарды елордада тек біздің колледж дайындайды. Мәселен, қазір Сарыарқа ауданының барлық мектептерінің түлектері біздің оқу орнында білім алуда. Оқу тегін, мемлекеттік грант бөлінген. Аттестацияның орташа балымен грантқа түсуге болады. Колледжде көпбалалы, толық емес отбасынан шыққан балаларға, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларға жеңілдік жасалады.  Мәселен, 1 орынға 50 грант берілсе, оған 100 бала құжат тапсырса, бірдей балл жинаған екі баланың ішінен осы топтағы үміткерлер таңдалады. Сонымен қатар, 34 мың теңге көлемінде шәкіртақы бар. Онымен қоса студенттер тегін тамақпен қамтамасыз етіледі, - деді  Астана қаласы әкімдігінің «Сервис және туризм колледжі» ШЖҚ МКК директоры орынбасары Алтынай Есенбекова. 

 

Айта кетейік, бұл оқу орындарында тек 9-сыныпты тәмамдаған оқушылар ғана емес, 11-сыныпты аяқтаған түлектер де оқи алады.