00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада білім беру саласына арналған форум өтіп жатыр

Астанада білім беру саласына арналған форум өтіп жатыр
Фото: Ulttyq Ustaz онлайн академиясынан

Ulttyq Ustaz онлайн академиясының ұйымдастыруымен Астанада «IV ректорлар мектебі» – «АІ дәуіріндегі жаңа университеттер: HR vs AI» форумы өтуде. Форум 30 қарашаға дейін жалғасады, деп хабарлады Elordainfo.kz.  

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2024 жылғы Жолдауы сапалы білім беру мәселесін алдыңғы қатарға шығарып, елдің білім беру жүйесін жаңғыртуды көздейді. Президент ұсынған реформалар оқу орындарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға, мұғалімдер мен оқытушылардың біліктілігін арттыруға және заманауи білім беру әдістерін енгізуге бағытталған. «Сапалы білім – елдің болашағын айқындайтын басты факторлардың бірі, сондықтан бұл саланы дамыту Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуының кепілі болмақ» деп айтқан болатын.

Ректорлар мектебі аясында екінші «Декандар мектебі» өтеді.

Форумның басты спикерлері: қоғам қайраткері, ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі Ералы Тоғжанов, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Amanat партиясының хатшысы Шолпан Каринова, Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунг, INQAAHE директорлар кеңесінің мүшесі Ольгун Чичек, Окленд университетінің инженерия профессоры Барбара Энн Оукли.  

IV ректорлар мектебінің алғашқы күнін белгілі фотограф Оспан Әлидің AqJaima фотокөрмесі ашты.

Форум «Ulttyq USTAZ онлайн академиясы» жобасы шеңберінде ұйымдастырылған және университеттерде инновациялар мен өзгерістерді енгізуге қабілетті білім беру көшбасшыларының басқарушылық құзыреттерін дамытуға бағытталған. Бұл жасанды интеллект дәуірінде ЖОО дамуының жаңа моделін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, жыл сайын форумға Азия, Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия және АҚШ университеттерінің өкілдері қатысады. Биылғы бағдарлама білім беру саласындағы шетелдік сарапшылар мен мемлекеттік және қоғамдық институттар өкілдерінің сөз сөйлеуінің арқасында ерекше назар аударады деп күтілуде.