00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Алдағы оқу жылы бұрынғыдай 25 мамырда аяқталады

25 тамыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Алдағы оқу жылы бұрынғыдай 25 мамырда аяқталады
фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада білім саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесі өтті, деп хабарлады Elorda.info 

Кеңеске қатысқан Премьер-Министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова   оқу жылының 36 аптаға дейін ұзартылуына қатысты өз пікірін айтты. 

Оның сөзіше, алдағы оқу жылы ішінде қажетті дайындық жұмыстарын жүргізіп, оқу бағдарламасын бейімдеу керек және 36 апталық оқу ұзақтығына оралу мәселесін 2025 жылдан бастап қайта пысықтаған дұрыс.
 

Сөз соңында оқу жылының 36 аптаға дейін ұзартылуына қатысты өз пікірімді білдірсем деймін. Бұл мәселеге қатысты қоғамда сын көп болып, педагогтар қауымдастығы тарапынан ұсыныстар болды. Бұл әлемдік тәжірибе екендігін мойындауымыз қажет. Дегенмен, мұндай жаңашылдықты енгізген кезде барынша тыңғылықты дайындық қажет етіледі. Министрліктің шешімі дұрыс болды деп санаймын. Бірақ, асығыстық болды. Осыған орай осы оқу жылында 34 апталық оқу ұзақтығына оралып, сабақты 25 мамырда аяқтау дұрыс деп есептеймін», - деді Үкімет басшысының орынбасары. 

Еске сала кетейік, елімізде өткен 2022-2023 оқу жылы 36 аптаға ұзартылып  31 мамырға дейін созылған болатын.