00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Ақындар айтысы» сайысына 400 мың ақын қатысты

26 қазан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Ақындар айтысы» сайысына 400 мың ақын қатысты
Фото: Оқу-ағарту министрлігі сайтынан

Еліміздегі мектеп оқушылары арасында «Ақындар айтысы» республикалық байқауы өтті, деп хабарлады Elorda.info Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл іс-шараны «Төрт тоқсан – төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырды. 

Республиканың әр елді мекеніндегі барлық мектептерде, мектептен тыс ұйымдарда және колледждерде жас суырып салма ақындардың «Ақындар айтысы» ақтық сайыстары өтті. 

Бұл іс-шарада 400 мыңнан астам оқушы түрлі жанрда бақ сынасты. Байқаулар «Бәдік», «Жар-жар», «Жұмбақ айтысы», «Қыз бен жігіт айтысы», сондай-ақ «Жануар мен адамның айтысы» мәнерінде өтті, - деді РҚБОӘО-ның директоры Раиса Шер.

Мұндағы мақсат  –  рухани-адамгершілік, эстетикалық және ұлттық тұрғыдан дамудың, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің патриоттық құндылықтарын қалыптастыру.