00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

73 мың грантқа 135 мың үміткер

13 шілде, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
73 мың грантқа 135 мың үміткер
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігінен

Бүгін еліміз бойынша ЖОО-да білім беру гранттарының конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау басталды, ол 20 шілдеге дейін жүргізіледі. Осыған байланысты Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қабылдау комиссиясының жұмысымен танысты, деп хабарлады Elorda.info.

Биыл құжаттарды қабылдау еGov арқылы онлайн форматта немесе ЖОО-лардың қабылдау комиссиялары арқылы офлайн форматта жүзеге асырылады. Сондай-ақ, ЖОО-да виртуалды қабылдау комиссиясы жұмыс істейтін болады. Құжаттарды қабылдау кез келген ЖОО (орналасқан жері бойынша) арқылы жүзеге асыруға болады.

Биыл 135 мың адам ҰБТ-да шекті балл жинағанын жақында ғана айтқанбыз, енді бұл балалар грант конкурсына қатыса алады. Жылдағыдай, білім беру гранты иегерлерінің тізімі осы жылдың 10 тамызына дейін жарияланатын болады. Ал, ЖОО-ға қабылдау 25 тамызда аяқталады, – деді министр.

347565039_255330190582680_4328699402391523962_n.jpg

ЖОО-ларға оқуға түсу үшін талапкерлер жеке куәлік, ҰБТ сертификатын; 3х4 көлеміндегі фото, орта білім туралы аттестат (техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарының түлектері үшін диплом), сондай-ақ, жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар ұсынады.

Естеріңізге сала кетсек, биыл бакалавриатқа түсу үшін 73 мың грант бөлініп отыр.