00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Биыл елордада 1-сыныпқа 26 мыңға жуық оқушы барады

Биыл елордада 1-сыныпқа 26 мыңға жуық оқушы барады

Астанада биыл 1-сыныпқа 26 мыңға жуық оқушы барады. Бұл сұраққа Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында «Балаларды 1-сыныпқа қабылдауды ұйымдастыру туралы» өткен брифингте Білім басқармасы басшысының орынбасары Маржан Қайырбаева жауап берді, деп хабарлады Elorda.info.

Бірінші сыныпқа құжатты қабылдаудан қандай жағдайда бас тартады? Егер құжаттар топтамасын толық ұсынбағанда: ұсынылған құжаттарының дұрыс еместігі анықталған жағдайда; сыныптар жиынтығы толып қалған кезде бас тартады. Егер негізсіз білім беру ұйымдарына қабылдаудан бас тартқан жағдайда Білім басқармасына 556870, 556881, 556887, 557462 телефондарына хабарласуға болады, - деді М.Қайырбаева.

Елордада биыл 1-сыныпқа 26 мыңға жуық бала барады деп жоспарланып отыр. Ал 3 сәуірден 1 тамызға дейін жалпы орта білім беретін мектептерде құжаттарды қабылдау басталады.

Білім басқармасы басшысы орынбасарының айтуынша, мамандандырылған мектептерден басқа барлық мектеп 1-сыныпқа баратын балаларды емтихансыз қабылдайды.

Әр мектепте ата-аналарға көмек көрсету мақсатында 1-сыныпқа қабылдау бойынша комиссия құрылды. Ата-аналар құжаттарды «электрондық үкімет» www.egov.kz, веб-порталы арқылы тапсырады және де қағаз түрінде де тапсыра алады. Алғашқы үш өтініш мектептің аумағында тұратын балалардан қабылданады, біреуі – ата-аналардың өтініші бойынша, яғни таңдау бойынша (3+1 қағидаты бойынша), - деді М. Қайырбаева.

Сондай-ақ ол баланы 1-сыныпқа қабылдау үшін қандай құжаттар керектігін айтты.

Бірінші сыныпқа қажетті құжаттар: ата-анадан өтініш; баланың туу туралы куәлігі; денсаулық жағдайы туралы анықтама № 063/у және «Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 және баланың 2 данада 3х4 см өлшеміндегі фотосуретi, - деді ол.

Бұдан әрі Маржан Қайырбаева конкурс 1 ақпан мен 15 сәуір аралығында болатынын еске салды. 

Шетел азаматтары мен Қазақстан Республикасының аумағында азаматтығы жоқ адамдардың балаларын орналастыру үшін бос оқушы орындары бар білім беру ұйымын анықтап, олардан өтініш келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жолдама беріледі. Мамандандырылған білім беру ұйымдарына қабылдау ережеге сәйкес 1 ақпаннан – 15 сәуір аралығында жүргізілуде. Конкурс 15-30 сәуір аралығында жүргізіледі, - деп сөзін түйіндеді ол.