Биыл бірінші сыныпқа қанша оқушы барады
Биыл елімізде 400 мыңнан астам бала жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа барады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.
Бірінші сыныпқа қабылдау үшін өтініш беру 1 сәуірде басталып, тамыздың 1-іне дейін жалғасады. Мемлекеттік білім беру қызметі egov.kz электрондық үкімет веб-порталы арқылы және жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелерінде қолжетімді.
Балалар бірінші сыныпқа алты жастан бастап ата-анасы немесе заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады. Өтінішпен бірге №065у формасындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама, 026/у-3 баланың денсаулық паспорты және баланың екі дана 3*4 фотосуреті болу керек. Өтініш демалыс және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады. Сондай-ақ 1-2 сәуір демалыс күндері, демек өтініштер 3 сәуірден бастап қаралады, – дейді Орта білім комитетінің бас сарапшысы Ерлан Маемеров.
Жаңа оқу жылында 400 мыңнан астам қазақстандық бала бірінші сыныпқа барады.