Елімізде студенттердің 61 пайызы қазақ тілінде білім алып жатыр
Оқушылардың жалпы саны – 525,9 мың адам, оның ішінде 251,2 мың адам немесе 47,8% – әйелдер. 2021-2022 оқу жылымен салыстырғанда оқушылар саны 6,5% көбейді, деп хабарлады Elorda.info.
Ұлттық статбюро мәліметінше, оқушылардың жалпы санынан 71,8% – негізгі орта білім, 24,5% – жалпы орта білім негізінде, 3,7% – ТжКБ базасында оқиды.
Күндізгі оқу бөлімінде оқушылардың 95,8%, кешкі және сырттай бөлімдерде тиісінше 0,2% және 3,9% оқиды.
316,1 мың адам мемлекеттік білім тапсырысы бойынша оқиды, бұл – оқушылардың жалпы санының 60,1%, 209,8 мың адам немесе оқушылардың 39,9% ақылы негізде білім алады.
Мемлекеттік тілде оқитындардың үлесі – 61%, орыс тілінде – 38,8% және ағылшын тілінде – 0,2%.
2022 жылы түлектердің саны 138,8 мың адамды құрады, оның ішінде 83 мың адам немесе 59,8% жұмысқа орналасқан және 19,9 мың адам немесе 14,3% жоғары оқу орындары мен колледждерде оқуын жалғастырған.
Республиканың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 36,9 мың педагог және 5,4 мың өндірістік оқыту шебері жұмыс істейді.
Педагог санаттары бойынша 868 адам – педагог-шебер, 6 049 адам – педагог-зерттеуші, 4774 адам – педагог-эксперт, 6 004 адам – педагог-модератор.