Елде білім беру ақысы 13,8 пайызға қымбаттады
31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат
Қазақстанда білім беру ақысы 13,8 пайызға қымбаттады, деп хабарлады Elorda.info inform.kz-ке сілтеме жасап.
Қыркүйек айында білім беру қызметтерінің бағасы 2021 жылғы тиісті аймен салыстырғанда 13,8% көтерілді. Бұл соңғы 5 жылдағы ең жоғары өсім.Мектеп пәндері бойынша білім беру орталықтары қызметінің ақысы бір жылда 10,2% артты, - деп жазылған ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы мәліметінде.
Сондай-ақ колледжде білім беру төлемі – 19,5%, жоғары оқу орындарында 16,3%-ға қымбаттады. Ал түрлі кәсіптік оқыту курстарының бағасы 15,6 пайызға өскен.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 16:29
Білім беру ұйымдарында PISA-2024 зерттеуі басталды
Бүгін, 11:34
Лицензиясыз қызмет жүргізгені үшін 58 мектепке айыппұл салынды
21 қараша, 2024
Оқу-ағарту министрі Түркияның Қазақстандағы елшісімен кездесті
21 қараша, 2024
Астаналық оқушы қиын есептерді шешудің түрлі жолдарын ойлап тапты