2025 жылға дейін ғалымдар саны 1,5 есеге көбейеді
Ұлттық жоба бойынша ғылымның кадрлық әлеуетін нығайту үшін 2025 жылға дейін ғалымдар санын 1,5 есеге артады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Бүгінгі таңда ғалымдар мен зерттеушілердің саны 21,6 мың адамды құрайды (2020 ж. – 22 665, 2019 ж. – 21 843). Оның 7 525-і жас ғалымдар. Бұл жалпы ғалымдардың 35%-ын құрайды.Бүгінгі таңда ғалымдардың жалақысы 2 есе өсті (252 мың теңгеге дейін). Іргелі зерттеулермен айналысатын ҒЗИ-ды тікелей қаржыландыру енгізілді, - деді министр.
Айта кетейік, елімізде жыл сайын халықаралық тағылымдамаларға 500 грант бөлінеді.
Жас ғалымдарды қолдау және ынталандыру үшін «Жас ғалым» жобасы аясында жас ғалымдарға ғылыми зерттеулерге және постдокторантура үшін 1037 грант бөлінді. Жыл сайын халықаралық тағылымдамаларға 500 грант бөлінеді. 2021 жылы әлемдік ғылыми орталықтарға 400 ғалым жіберілді, – деді С.Нұрбек.
Ал 2020 жылдан бастап жыл сайын 50 «Үздік ғылыми қызметкер» сыйлығы тапсырылады.