00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Айтып жатырмыз, айтып жатырмыз»: 1200 оқушыға арналған мектепте 5 мыңға жуық бала оқиды

31 наурыз, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
«Айтып жатырмыз, айтып жатырмыз»: 1200 оқушыға арналған мектепте 5 мыңға жуық бала оқиды

Қарасай ауданына қарасты Кемертоған орта мектебі былтыр үш аусымды оқытуға көшкен. Биыл тағы да мыңға жуық бала жаңадан келіп қосылып, оқушы саны 4600-ден асты, деп хабарлады Elorda.info 24.kz-ке сілтеме жасап.

Кемертоғандықтар білім сапасы қалай болады екен деп алаңдаулы.

Айтып жатырмыз, біледі облыс та, аудан да. Бұл жерде оқитын төрт өңірдің балалары. 4 жерден тасымалданады. Жан-жақтан. МТФ- дан, Кемертоған ауылынан, Асыл арман тұрғын үй кешенінен оқиды және 19-шы км салынып жатқан БАКАД-тың бер жағындағы қатынап оқиды. Әрине, енді бала саны өте көп. Үш ауысымда баланың білім алуы өте ауыр. Бірінші сыныптың өзіне 600-ден аса бүлдіршін келген. Басқасын айтпағанның өзінде олардың өзі ғана 22-ге жетіп, «У» сыныбы ашылған. Бірінші ауысымның сабақтары таңғы сағат 7 жарымда басталады. Ал үшінші ауысымдағылардың соңғы сабағы кешкі жетіден кете аяқталады, - дейді мектеп директорының міндетін атқарушы Халида Атабаева.

Кемертоған ауылының тұрғыны күніне үш рет балаларын мектепке әкелетінін айтты.

Біреуі жеті жарымда оқиды. Біреуі он бір жарымда оқиды. Біреуі төртте оқиды. Енді үш түрлі келеміз. Өзіміз бірге келмесек, мынадай пробканың астында қалып кетуі мүмкін. Егер 1200-дік мектеп болса өздері барып келер еді, – дейді ауыл тұрғыны Шынар Манапқызы.

Алматы облыстық Білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлсара Исағұлова Кемертоған ауылының аумағында мектеп салу үшін жер мәселесі себеп болып тұрғанын жеткізді.

Қазір жер телімдерін қайта сатып алу қарастырылуда. Яғни жер мәселесі шешіледі деп күтілуде. Сонымен қатар Кемертоған ауылында «Жайлы мектеп» жобасы аясында 2000 орындық мектеп салу жоспары қарастырылуда.  Қазіргі уақытта Алматы облысында 3 аусымды 54 мектеп бар. Ал Кемертоғанда көпшілік күткен білім ошағының нақты қашан бой көтерері әзірге белгісіз, – дейді Білім басқармасының өкілі.