00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстанда ғылыми кадрлар тапшы

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстанда ғылыми кадрлар тапшы

Оның айтуынша, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында 52 мыңға жуық маман болса, қазір тек 22 мың ғана қызметкер еңбек етіп жатыр. «Ал кадр даярлайтын негізгі орталық – университет деп саналса, қазіргі таңда жоғарғы оқу орындарының 70 проценті ғылыммен айналыспайды», – дейді министр. Ендігі мақсат оларды зерттеу университеті моделіне көшіріп, жастарды ғылымға тарту болмақ.

Ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді, орта мерзімді ғылымның басым бағыттарын айқындау, осы бүгінгі сессиямызда соған арналған. Неге десеңіз, қазір отандық ғылым күнделікті салалық өңірлік проблемаларды шешуге бағытталмаған. Бізде ғылым өз бетімен, отандастарымыздың күнделікті проблемалары өз бетімен. Осы екі мәселені ұштастыруымыз керек. Ақша бөлінеді. Көп ақша болмаса да, грант арқылы, бағдарламалар арқылы бөлінеді. Бірақ оның нәтижесі тиімді емес. Оны біз мойындаймыз. Негізгі жүйелік мәселе осы, - деді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.