00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Тамыз айындағы ҰБТ-ға 19 мыңға жуық талапкер қатысты

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Тамыз айындағы ҰБТ-ға 19 мыңға жуық талапкер қатысты

Оның ішінде түлектердің 69%-ы қазақ тілінде, 31%-ға жуығы орыс тілінде, 0,1%-ы ағылшын тілінде тестілеуден өтті. Тамыздағы ҰБТ сертификатымен талапкерлер жоғары оқу орындарына ақылы негізде оқуға түсе алады.

Тестілеу қорытындысы бойынша 10 мың талапкер шекті балл жинады, бұл қатысушылардың жалпы санының шамамен 54%-ын құрайды. ҰБТ орташа балы 58 балды құрады. Ең жоғары балл – 128 балл.

ҰБТ өткізу барысында 118 қатысушының нәтижесі жойылды. Оның ішінде 39 оқуға түсуші смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқаны үшін тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 79 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды.

Талапкерлердің таңдауы өзгеріссіз қалып тұр. Барлық қатысушылардың 21%-ы «Математика-Физика» комбинациясын, 20%-ы «Химия-Биология» комбинациясын таңдаған. «Химия-Физика» пәндер комбинациясын тек 39 талапкер тапсырды, – деді ҒЖБ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Тестілеу қорытындыларымен келіспеген жағдайда талапкер дереу апелляцияға электрондық форматта өтініш береді. Тамыз ҰБТ-сында апелляцияға 2 мыңнан астам өтініш берілді, олардың ішінде 2 тест тапсырмасы қанағаттандырылды. Республикалық апелляциялық комиссия жұмысын аяқтады, талапкерлердің сертификаттары жеке кабинетте қолжетімді.

Естеріңізге сала кетсек, тамыздағы ҰБТ шекті балл жинай алмаған талапкерлердің тестілеуден қайта өтіп, ЖОО-ға ақылы негізде түсу мүмкіндігі болуы үшін өткізіледі.

Сонымен қатар ЖОО-да ақылы негізде өз мамандығы бойынша оқуды жалғастыруды жоспарлап отырған колледж түлектері оқуға әңгімелесу қорытындысы бойынша қабылданады.