00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Жеңімпаздарына ЖОО гранты берілетін халықаралық олимпиада мен жарыстардың тізімі бекітілді

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жеңімпаздарына ЖОО гранты берілетін халықаралық олимпиада мен жарыстардың тізімі бекітілді

Сонымен олимпиадалар тізіміне мыналар кіреді:

  • Халықаралық математикалық олимпиада.
  • Халықаралық физика олимпиадасы.
  • Халықаралық химия олимпиадасы.
  • Халықаралық биология олимпиадасы
  • Халықаралық география олимпиадасы.
  • Информатикадан халықаралық олимпиада.
  • Халықаралық лингвистикалық олимпиада.

Халықаралық спорттық жарыстардың тізімі:

  • Олимпиада ойындары
  • Паралимпиада ойындары
  • Сурдлимпиада
  • Жасөспірімдер олимпиадасы
  • Олимпиадалық спорт түрлерінен әлем чемпионаттары
  • Дүниежүзілік жазғы және қысқы гимназия.

Орындаушылардың халықаралық байқаулары:

  • Петр Чайковский атындағы халықаралық жастар байқауы (Мәскеу, Ресей Федерациясы);
  • Вокалист жастардың халықаралық байқауы (Мәскеу, Ресей Федерациясы);
  • Екатерина Максимова атындағы «Арабеск» балет әртістерінің ашық ресейлік байқауы (Ресей Федерациясы, Пермь);
  • Федерацияның халықаралық жарыстары мен Дүниежүзілік би кеңесінің, Дүниежүзілік би спорты федерациясының турнирлері, Халықаралық би спорты одағының Әлем кубогының және әлем чемпионатының кезеңдері;
  • «Витебсктегі Славян базары» халықаралық өнер фестивалі (Беларусь Республикасы);
  • Бибігүл Төлегенова атындағы халықаралық вокалшылар байқауы (Алматы, Қазақстан).

Сонымен қатар құжат осы тізім бойынша іріктеу критерийлерін белгілейді. Бұйрық 2022 жылғы 5 тамыздан бастап күшіне енеді.