00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде қанша университет әлемдік рейтингке кірді

25 ақпан, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Елімізде қанша университет әлемдік рейтингке кірді

Finprom.kz ұсынған мәліметке сәйкес, қызметтердің басым бөлігі бюджет есебінен — 52,9 млрд тг көрсетілді. Қызметтер халық есебінен 48,1 млрд теңгені, кәсіпорындар есебінен 1,7 млрд теңгені құрады.

Өңірлік бөліністе қызметтердің ең көп көлемі дәстүрлі түрде Алматыда болды: 38,2 млрд теңге — құндық мәнде бір жыл бұрынғыға қарағанда 16,4 пайызға артық. Сондай-ақ, көшбасшылар үштігіне Нұр-Сұлтан (17,1 млрд теңге, жылына 47,3%) және Шымкент (8,3 млрд теңге, плюс 30,3%)  қалалары бар.

Сектордағы көрсетілетін қызметтердің ең аз көлемі Қызылорда облысында тіркелген: 1,3 млрд теңге, жылдық өсім — 1,9 есе.

QS World University Rankings 2023 рейтингінде әлемнің әр түкпірінен шамамен бір жарым мың жоғары оқу орнын қамтитын 16 қазақстандық университет қатысты. Оның ішінде 500 үздік жоғары оқу орнына еліміздің бес ЖОО кірді: Қазақ ұлттық университеті. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Satbayev University, Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті және Қазақ ұлттық аграрлық университеті.

Топ-1000-ға тағы 8 жоғары оқу орны кірді: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы технологиялық университеті, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Қазақстан-Британ техникалық университеті және «КИМЭП Университеті» ҰАК.