00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Мектеп формасы қандай болады

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Мектеп формасы қандай болады

Ашық НҚА веб-сайтында жарияланған ұсыныс 22 маусымға дейін қоғамдық талқылауға түседі. Ата-аналардың мектеп формасына жағымды көзқарасын қалыптастыру мақсатында өзгертілетін түзетулер келесідей:

1.пиджак, жилет, юбка, шалбар, түймелері немесе бекіткіші бар трикотаж кардиган (бомбер), классикалық жейде (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады;

2. Мектеп формасына орта білім беру ұйымының ерекшелік белгілерін (белгілер, тігіспелер, шеврон және т.б.) орналастыруға рұқсат етіледі;

3. Мектеп формасының түсін, фасонын таңдауды және юбканың ұзындығын орта білім беру ұйымы мен кеңес (мектеп кеңесі, қамқоршылық кеңес, ата-аналар кеңесі) айқындайды, жалпымектептік ата-аналар жиналысының хаттамасымен бекітіледі;

4. Орта білім беру ұйымының басшысы және кеңес (мектеп кеңесі, қамқоршылық кеңес, ата-аналар комитеті) міндетті мектеп формасын енгізу кезінде осы талаптарды басшылыққа алады;

5. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдары ата-аналарға мектеп формасын отандық мектеп формасын шығаратын өндірушілерден сатып алуды ұсынады. Мектеп формасының жекелеген өндірушілеріне артықшылық беруге жол берілмейді. Ата-аналар өндірушіні таңдауда және мектеп формасын алуда тәуелсіз;

6. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдары ата-аналар мен білім беру ұйымдарына әкімшілік аумақта мектеп формасының бірыңғай түсін таңдауды ұсынады.»;

7. Басшы білім алушылардың мектеп формасын сақтауы мәселесін (мектеп кеңесі, қамқоршылық кеңес, ата-аналар кеңесі) кеңестің талқылауына шығарады.