00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ресей архивтеріндегі Қазақстан тарихына қатысты деректер елге қайтарылып жатыр

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ресей архивтеріндегі Қазақстан тарихына қатысты деректер елге қайтарылып жатыр

11-24 мамырда Мәдениет және спорт министрлігі «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының» РММ директоры Ж. Болдыков бастаған орталықтың мамандарынан құралған топ Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің қолдауымен «Архив-2025» кешенді жоспарын іске асыру мақсатында Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында іссапарда болып, ондағы архивтер мен кітапханалардағы Қазақстан тарихына қатысты құнды деректерді елге әкелу жұмыстарын жүргізуде.

Іссапардың алғашқы күнінен бастап, делегация Ресей мемлекеттік кітапханасының Қолжазбалар бөлімінде болып, іздеу, зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Ресей мемлекеттік кітапханасының директоры Вадим Дуда мен халықаралық бөлімнің бастығы Ирина Гайшун делегацияны кітапхана қызметімен таныстырды.

Кездесуде тараптар бірлескен іс-шаралар өткізу арқылы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту, кітап қорын үнемі толықтыруға жәрдемдесу және т. б. мәселелерді талқылады.

Директор Ж. Болдыков өз кезегінде РМК директорына Ұлы Абайдың шығармалар жинағы мен Орталықтың қолжазбалар каталогын сыйға тартты.

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы халықаралық және республикалық деңгейдегі архив, музей және кітапхана мекемелерімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасауда.

Қазіргі таңда Ресей мемлекеттік кітапханасының Шығыс әдебиет орталығының оқу залында Ұлттық орталықтың қызметкерлері мемлекеттік «Архив-2025» бағдарламасы аясында кітап қорын толықтыру мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

Шет мемлекеттердің архивтері Қазақстан тарихына қатысты құнды дерекке тұнып тұр. «Архив-2025» бағдарламасының мақсаты - сол құнды деректерді тауып, зерттеп-зерделеп, ел игілігіне жарату.

Шығыс әдебиет орталығының қорында көптеген әлем елдерінің тарихынан сыр шертетін құнды деректер сақталған. Соның ішінде Қазақстан тарихына қатысты кітаптар каталогы да бар.

Ұлттық Орталықтың ғылыми қызметкерлері Ресей мемлекеттік кітапаханасының Картография бөлімінде болды. Қордағы электронды каталогтар мен құжаттар бойынша зерттеу жүргізілді. Зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша картография бөлімінен Қазақстан тарихына қатысты 17 ғасырда жасалған құнды карталар табылды. Бұл карта арқылы қорға тың мәліметтер енгізіліп, ғылыми айналымға енгізілмек.

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының ғылыми қызметкерлері іссапармен Ресейдің сыртқы саясаты архивіне барды. Ұлттық орталық директоры Ж.Болдыков Ресей Сыртқы істері жөніндегі архив бастығы Юлия Басенко мен Тарихи-құжаттық департамент орынбасары Игорь Фетисовпен кездесіп, ынтымақтастық перспективалары жөнінде ой бөлісті. Екі елдің тарихи мұрасы бойынша ғылыми іс-шаралар өткізу мен кәсіби тәжірбие алмасу туралы келіссөз жүргізілді.Кездесу барысында делегация Реставрация бөлімінің қызметімен танысып,архив қорындағы электронды каталогтар мен құжаттар бойынша зерттеу жүргізді.