00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Биыл 7,5 мың оқушы «Алтын белгіге» үміткер – БҒМ

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Биыл 7,5 мың оқушы «Алтын белгіге» үміткер – БҒМ

Былтыр 9 мыңнан астам оқушы «Алтын белгі» иегері атанды. Министрлік бұл процесті қадағалауда ұстайды. Биыл елімізде мектеп бітіретін түлектердің саны 170 мыңнан асады. Осы оқушылардың арасында «Алтын белгіге» үміркерлер оқу жылының басындағы болжалды дерекке сәйкес 12 мыңнан асты. Қазіргі ақпаратқа сәйкес үміткерлердің саны 7500-ді құрайды, - деді Шолпан Каринова министрлікте өткен эфир барысында.

Сондай-ақ бірінші вице-министр үміткерлерді «Алтын белгі» емтиханына енгізілген өзгеріске қатысты қобалжымауға шақырды.

Жергілікті білім бөлімі, басқармасы ауыл, аудан оқушыларын облыс орталығындағы Назарбаев зияткерлік мектебіне жеткізуді ұйымдастыруға жауапты. Сол сияқты оқушылар алдын ала НЗМ-ге барып, емтихан тапсыратын кабинетті көріп, танысуға құқылы, - дейді ол.

Оның айтуынша, «Алтын белгіні» көбінесе еліміздің ірі қалаларындағы мектеп түлектері иеленіп келеді.