00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

1-сыныпқа қабылдауға 13 мыңнан астам өтініш түскен

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
1-сыныпқа қабылдауға 13 мыңнан астам өтініш түскен

Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін балаларды мектепке қабылдау қызметі автоматтандырылған. Бұл жұмыс egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Балаларды 1-сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды 1 сәуірден бастап, 2022 жылғы 1 тамызға дейін тапсыруға болады.

Біз азаматтарға көрсетілетін барлық қызметті автоматтандыруға баса назар аударамыз. ҰБТ, барлық деңгейдегі олимпиада электронды форматқа көшірілді. Мұның көптеген артықшылығы бар, ең бастысы – барлық процестің ашықтығы. Біз ашықтықты және азаматтарға қолайлы жағдай жасауды қолдаймыз. Құжаттарды қабылдаудың бірінші күнінің өзінде egov.kz порталы арқылы 10 мыңнан астам электронды өтініш келіп түсті. Мұндай сандар ҚР БҒМ-нің цифрлық мемлекеттік қызметтері азаматтар арасында танымал екендігін көрсетеді, - дейді Білім және ғылым вице-министрі Айбат Ілиясов.

Оқи отырыңыз: Баланың 1-сыныпқа қабылдануы үшін қандай құжаттар қажет

Айта кетейік, 1-сыныпқа балаларды қабылдау ата-анасының немесе білім алушының заңды өкілінің жеке өтініші негізінде қабылданады.