ҰБТ нәтижелерін бағалау жүйесі өзгереді
Бірнеше жыл бұрын біз ҰБТ қорытындысы бойынша мектептер рейтингін өткізуге тыйым салу туралы шешім қабылдадық. Сондай-ақ мектептер оқушыларды ҰБТ-ға тіркеу және өтініштер жинау міндетінен босатылды. Мұның бірнеше себебі болды. Оның ішінде - мектеп басшыларының 10-11 сынып оқушыларын тест сұрақтары бойынша басқа пәндерге зиянын тигізе отырып, жасанды түрде тартуға шектен тыс ұмтылысы, өтініштерді жинауда мұғалімдерге қосымша жүктеме, - деп жазды министр.
Министр орташа балды білу пайдалы ақпаратпен қамтамасыз етілуді ғана білдірмейтінін айтты.
Сонымен қатар үлгерімі нашар оқушыларды ҰБТ-ға қатысудан шеттету, әкімдіктердің өңірдің орташа ұпайын әртүрлі тәсілмен көбейтуге тырысуы және т.б. Бұл ретте ҰБТ-ның орташа балының өзі диагностикалық функцияны орындай алмады. Тек орташа балды білу пайдалы ақпаратпен қамтамасыз етілуді ғана білдірмейді. Ал егер тақырыптар мен пәндер бойынша талдау болса, бұл басқарушылық шешімдерді қабылдауға мүмкіндік береді, - деді министр.
Тест арқылы ғана дайындау және әкімдіктердің облыс рейтингіне ықпал ету әрекеттері тоқтатылды.
Қазір қабылданған шешім өз рөлін атқарғанын, педагогтер мен мектептерге түсетін жүктемені азайтқанын көріп отырмыз. Яғни оқушылар ҰБТ-ға электронды форматта өз бетінше өтініш берді және оларды ҰБТ-дан шеттету, сондай-ақ тек тест арқылы ғана дайындау және әкімдіктердің облыс рейтингіне ықпал ету әрекеттері тоқтатылды, - деп жазды Аймағамбетов.
Электронды форматқа көшу енді тестілеуге тақырыптық талдау жасауға мүмкіндік береді.
Енді ҰБТ қорытындысы бойынша әр мектеп, облыс, тіпті пән бойынша талдау жасап, оны мектептердің жұмысын бағалау үшін пайдалануға шешім шығардық. Электронды форматқа көшу енді тестілеуге тақырыптық талдау жасауға мүмкіндік береді. Мұндай жаңалықты біз наурыз айындағы ҰБТ кезінде пилоттық режимде енгіздік, - деп жазды министр.
Бұл нені білдіреді?
Енді түлек тестілеуді аяқтағаннан кейін жинаған ұпайларының нәтижесін ғана емес, сонымен қатар қандай тақырыптарды білетіні және қайсысына көңіл бөлу қажет екені туралы қосымша талдау алады. Дәл осындай талдауды мектепке де, нақты пәнге қатысты да, аудан, облыс және жалпы республика көлемінде де жасаймыз, - деді ол.
Бұл не береді?
Бұл шешім тестілеушілерге қандай тақырыптарға назар аудару, қандай тақырыптарды күшейту керегін көруге мүмкіндік береді. Яғни сынаққа қатысушылар қазірдің өзінде өздерінің әлсіз тұстарын анықтап, жеке тақырыптарға көбірек уақыт бөліп, қателермен жұмыс істей алады. Сонымен қатар мұғалімдер де оқушылардың қандай тақырыптарда қиналғанын көреді. Мектепті алатын болсақ, мысалы, математика пәні мұғалімінің оқушыларының бір бөлігі кейбір есептерді нашар шығаратынын байқауға болады. Талдау себептерді анықтауға септігін тигізеді. Дәлірек айтқанда, мұғалімнің өзі түсіндіруде қиналатыны не бағдарламада уақыт жеткіліксіздігі, оқулықтағы сұрақтар мәселесі және т.б. Тиісінше, талдауға байланысты оқу бағдарламаларын пысықтау, мұғалімдердің мақсатты түрде біліктілігін арттыру, біліктілікті арттыру бағдарламаларын өзгерту және т.б. бойынша шешімдер қабылдай аламыз. Жазғы ҰБТ қорытындысы бойынша әрбір мектеп, облыс, мұғалім және түлек осындай талдау алады, - деп жазды министр.