Мемлекет үздік мұғалімдердің баспана ақысын төлейді
24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
Министрдің айтуынша, мұғалім тапшылығы мен білім беруде үлкен алшақтық байқалатын өңірлерге талдау жүргізілген. Олар Атырау, Маңғыстау, Алматы және Түркістан облыстары болып танылды.
Бұл өңірлерге жоғары оқу орнын бітірген ең үздік педагогтар тартылады. Оларға арнайы әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады. Соның ішінде жалақыны арттыру бойынша тиісті коэффициент белгілеу, тұратын үйінің төлемін өтеу немесе коммуналдық қызмет төлемін өтеу сияқты ынталандыру шаралары қарастырылып жатыр, – деді Аймағамбетов үкімет отырысында.
Сондай-ақ ол 2025 жылға қарай елде шетелдік бес жоғары оқу орнының филиалы ашылатынын хабарлады.
Ұқсас жаңалықтар
22 қараша, 2024
Білім беру ұйымдарында PISA-2024 зерттеуі басталды
22 қараша, 2024
Лицензиясыз қызмет жүргізгені үшін 58 мектепке айыппұл салынды
21 қараша, 2024
Оқу-ағарту министрі Түркияның Қазақстандағы елшісімен кездесті
21 қараша, 2024
Астаналық оқушы қиын есептерді шешудің түрлі жолдарын ойлап тапты