Жыл басынан бері Астанаға 500 мың жолаушы пойызбен келген
Жыл басынан бері Ұлттық тасымалдаушы пойыздарымен 3 млн астам жолаушы тасымалданды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ 2026 жылдың бірінші тоқсанындағы қызметін қорытындылады. ҚТЖ мәліметінше, осы кезеңде Ұлттық тасымалдаушы пойыздарын 3,2 миллионға жуық жолаушы пайдаланған.
Соның ішінде ең көп жолаушылар ағыны әдеттегідей елдің үш ірі қаласында тіркеліп отыр. Мәселен, Астанаға теміржол көлігімен 503 731 жолаушы келген. Ал Алматыға 485 757 адам, Шымкентке 194 450 жолаушы жолға шыққан.
Ең көп сұранысқа ие бағыттардың қатарында Астана – Алматы, Астана – Шымкент, Алматы – Шымкент, Астана – Өскемен және Астана – Ақтөбе бағыттары болып отыр. Теміржол көлігіне жоғары сұраныс дәстүрлі түрде еңбек демалысы маусымында, демалыста және мереке күндері – жазғы және қысқы кезеңдерде байқалады.
Бұған дейін пойыздарда ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арнайы вагондар енгізілетінін жаздық.