09.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Жамбыл облысындағы жер сілкінісіне байланысты жедел штаб құрылды

|
Photo: фото: ТЖМ
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Жамбыл облысындағы жер сілкінісіне байланысты жедел штаб құрылды

|
Photo: фото: ТЖМ

Қазақстанның ТЖМ командалық орталығының базасында сейсмикалық жағдайды бақылау бойынша жедел штаб құрылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

ҚР ТЖ вице-министрі Батырбек Әбдішевтің төрағалығымен жұмыс кеңесі және аумақтық бөлімшелермен бейнеконференцбайланыс өткізілді.

«Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Нысандар штаттық режимде жұмыс істейді. Жағдай тұрақты. Құтқару бөлімшелері қажет болған жағдайда ден қоюға дайын», - делінген хабарламада.

Жамбыл облысында 5 химиялық қауіпті нысан орналасқан. Мамандар оларды зерттеу үшін өзара іс-қимыл ұйымдастырды.

Айта кетейік, бүгін Астана уақытымен 3:42-де Жамбыл облысында жер сілкінісі тіркелген болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗