09.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Жаңадан құрылған министрлік логотипін таныстырды

|
Photo: Фото: freepik.com
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Жаңадан құрылған министрлік логотипін таныстырды

|
Photo: Фото: freepik.com

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі жаңа логотипін таныстырды, деп хабарлады Elordainfo.kz ведомствоға сілтеме жаcап. 

Министрліктің мәліметінше, логотип Қазақстанның жоғары технологиялық әрі тұрақты цифрлық экожүйесін құруға бағытталған стратегиялық бағытын бейнелейді.

Шеңбер – ұлттық мәдениет пен бірліктің негізі саналатын шаңырақты, сондай-ақ әлемдік масштаб пен планетаны білдіреді. Осылайша, Қазақстанның әлемге ашықтығын айқындайды. Шеңбер ішіндегі шаршы – ұлттық AI-инфрақұрылымының өзегін құрайтын микрочип пен суперкомпьютерлік жүйелерді білдіреді.

Тор – цифрлық матрицаны еске салады. Мұндағы әрбір ұяшық жалпы қозғалыстың: мемлекет, бизнес, ғылым мен қоғамның элементі.

Логотип түстері – дәстүр сабақтастығы мен болашаққа ұмтылысты бейнелейді.

Фото: Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

«Жаңа белгі жоғары технологиялар мен ұлттық құндылықтардың символикасын біріктіре отырып, Министрліктің (ЖИ және цифрландыруды тұрақты даму мен ортақ өркендеудің қозғаушы күші ету) миссиясын айқын көрсетеді», - делінген хабарламада.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗