Жезқазғанда көпқабатты тұрғын үй өртеніп, 80 адам эвакуацияланды
14 желтоқсан, 2025
Фото: freepik.com
Бүгін Жезқазған қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің біріндегі пәтерде өрт шықты, деп хабарлады Elordainfo.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына келген кезде пәтер ішінде қою түтін байқалып, тұрғындарға қауіп төндірді.
«Өрт орнына Ұлытау облысы ТЖД күштері мен құралдары жедел түрде жетіп, барлау және эвакуациялау жұмыстарын бастады. Құтқарушылардың күшімен 9 адам, оның ішінде 4 бала эвакуацияланды. Тағы 72 тұрғын өздігінен эвакуацияланды. Қызыл жалын төрт бөлмелі пәтердің жатын бөлмесінде шықты. Өрт қысқа мерзімде сөндірілді», - деп жазылған ТЖМ баспасөз хабарламасында.
Қарағанды облысында кафеде газ баллоны жарылып, 2 адам көз жұмғаны туралы жаздық.
Ұқсас жаңалықтар
22 наурыз, 2026
Далада 5 күн жатқан малшыны ТЖМ қызметкерлері құтқарды
20 наурыз, 2026
FlyArystan рейсінде жолаушы дәрігерлер жүкті әйелге көмек көрсетті
20 наурыз, 2026
Елордада тұрақта жанған көлік дер кезінде сөндірілді
20 наурыз, 2026
Террористік және экстремистік қылмыс жасағаны үшін 17 адам сотталды – ҰҚК