Қарағанды облысында кафеде газ баллоны жарылды: 2 адам көз жұмды

Бүгін, 08:17
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
Қарағанды облысында кафеде газ баллоны жарылды: 2 адам көз жұмды
Фото: freepik.com

Қарағанды облысы Шет ауданы Мойынты станциясындағы кафеде газ баллоны жарылып, соның салдарынан 2 адам көз жұмды, деп хабарлады Elordainfo.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алғашқы бөлімшелер келген кезде кафе өртеніп жатқан.

Алдын ала мәліметтер бойынша, он бір адам зардап шекті. Олар жақын маңдағы аудандық ауруханаға жеткізілді. Онда оларға төсек орындары мен қажетті дәрі-дәрмектер дайындалған. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда.

«Өрт толықтай 300 шаршы метр аумақта сөндірілді. Оқиға орнында өртті сөндіру және құрылымдарды бөлшектеу жұмыстары жалғасуда. Жарылыс салдарынан шамамен 200 шаршы метр аумақта шатыр құлады. Соған байланысты үйінділерді ару жұмыстары жүргізілуде, Газ баллонының жарылысының алдын ала себебі — газбен жабдықтау жүйелерін, оның ішінде тұрмыстық газ баллондарын қауіпсіз пайдалану талаптарының бұзылуы», - деп жазылған хабарламада.

Бұған дейін Оралдағы көпқабатты үйде газ жарылып, қызыл жалын терезені ұшырып әкеткенін жаздық.