21.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі – болашақ кәсіби кадрлардың бастауы

|
Photo: Фото: Оңалхан Өнерхан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі – болашақ кәсіби кадрлардың бастауы

|
Photo: Фото: Оңалхан Өнерхан

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті жастарды мемлекеттік қызметке тарту мақсатында жыл сайын «Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі» жобасын жүзеге асырып келеді. Бұл жоба 2021 жылы Агенттіктің бастамасымен бекітілді. Жобаның негізгі мақсаты – жастар арасында мемлекеттік қызметтің беделін арттыру, мемлекеттік басқару саласына қызығушылықты дамыту және жас мамандардың кәсіби әлеуетін ашу, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Ниет білдірген қатысушылар алдымен өтінім беріп, эссе жазу кезеңдерінен өтеді, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы негізінде 40 академиялық сағат көлемінде HR, этика, цифрландыру және кадр саясаты бағыттары бойынша дәрістер өткізіледі. Оқуды сәтті аяқтаған қатысушылар мемлекеттік органдарда өндірістік тәжірибеден өтуге жіберіледі. Ең соңғы кезеңінде тестілеуден өтіп, студенттерге сертификат табысталады.

Астана қаласы бойынша 2024-2025 оқу жылында «Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі» жобасына 52 өтінім келіп түсіп, 24 түлек сәтті аяқтаған болатын.

Биылғы оқу жылында да жоба өз жалғасын тапты. Түсіндіру жұмыстары жоғары оқу орындарында, атап айтсақ,  Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, М. Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университетінде, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде, Есіл университетінде, Қ. Құлажанов атындағы Қазақ бизнес және технология университеті және Еуразия гуманитарлық институтында өткізілді. 2025-2026 оқу жылында арнайы комиссия құрылып, 56 студенттен өтінім  қабылданып,  28 студент іріктеліп алынды.  Жобаның типтік жол картасы құрылып, қазіргі уақытта мотивациялық кездесулер, семинарлар өткізу жоспарланып отыр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей: «Қазақстан – дарынды жастар елі. Ертең еліміздің дамуы осы жастардың қолында», - деген ұстаным «Жас мемлекеттік қызметшілер мектебінің» негізгі идеясымен үндес.

Агенттік бұл жобаны іске асыру арқылы жастар мен мемлекеттік аппарат арасындағы байланысты нығайтып, кадрлық резервті қалыптастыруды көздейді. Сонымен қатар жас мамандардың қызметтік әдебі мен кәсіби құзыретін дамытуға ерекше мән беріледі.

Жоба түлектері үшін мемлекеттік қызмет саласындағы тағылымдамалар мен мансаптық өсу мүмкіндіктері қарастырылған.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері

агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗