09.12.2025
RU
Мәзір

Жаңа жыл қарсаңында Астанадан қосымша пойыздар жүреді

|
Жаңа жыл қарсаңында Астанадан қосымша пойыздар жүреді
Фото: ҚТЖ

Жаңа жылдық маусымда жолаушылар ағыны айтарлықтай өсетінін ескере отырып, Ұлттық тасымалдаушы сұранысты толық қанағаттандыру мақсатында қосымша пойыздарды іске қосуда. Бұл рейстер шамамен 23 мың жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді, деп хабарлады Elordainfo.kz ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қосымша пойыздар келесі бағыттарда қатынайды:

• №201/202 «Алматы-2 – Астана-1»
Алматыдан жөнелтілуі: 2025 жылғы 20, 22, 24, 26, 28, 30 желтоқсан және 2026 жылғы 2, 4 қаңтар.
Астанадан жөнелтілуі: 2025 жылғы 21, 23, 25, 27, 29, 31 желтоқсан және 2026 жылғы 3, 5 қаңтар.
• №203/204 «Астана Нұрлы жол – Шымкент»
Астанадан жөнелтілуі: 2025 жылғы 20, 23, 26, 29 желтоқсан және 2026 жылғы 2 қаңтар.
Шымкенттен жөнелтілуі: 2025 жылғы 22, 25, 28, 30 желтоқсан және 2026 жылғы 4 қаңтар.
• №257/258 «Ақтөбе – Астана Нұрлы жол»
Ақтөбеден жөнелтілуі: 2025 жылғы 20, 23, 26, 29 желтоқсан және 2026 жылғы 2 қаңтар.
Астанадан жөнелтілуі: 2025 жылғы 22, 24, 28, 30 желтоқсан және 2026 жылғы 4 қаңтар.

Пойыз құрамында стандартты купе және плацкарт вагондары бар. Сонымен қатар, сұранысы жоғары бағыттарда пойыз құрамдарына 584 қосымша вагон тіркеледі. Осы арқылы жолаушыларға 30 мыңнан астам қосымша орын қолжетімді болады.

Билеттерді bilet.railways.kz ресми сайтынан сатып алуға болады. Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларға жаңа жыл қарсаңындағы билеттердің тез сатылып кететінін ескеріп, сапарларын алдын ала жоспарлап, билеттерді ертерек алуға кеңес береді.

Егер сатып алу сәтінде бос орындар болмаса, жолаушылар «Күту парағы» қызметің тегін пайдалана алады. Бұл сервис орын босаған жағдайда автоматты түрде хабарлап, билетті рәсімдеуге мүмкіндік береді. Хабарлама жолаушының жеке кабинеті немесе SMS арқылы жіберіледі. Қызмет сайтта және билет кассаларында қолжетімді. Оны пойыз жөнелтілуіне 7 күнге дейін және 2 сағаттан кеш емес уақытты рәсімдеуге болады.

Толық ақпаратты 1433 нөмірі арқылы алуға болады. Пойыздар қозғалысы туралы мәлімет tablo-railways.kz сайтындағы онлайн-табло арқылы қолжетімді.

Бұған дейін Астанада жасалған жаңа жолаушылар вагондарының фотосы алғаш рет жарияланғанын жаздық.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗