Қазақстанда қазір 37 мыңнан астам шетелдік студент білім алып жатыр. Жаңа оқу жылында олардың саны 40 мыңнан асады деп күтіліп отырдеп хабарлайды Elordainfo.kz
Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек өзінің Telegram арнасында жазды.
«Шетелдік студенттер қазірдің өзінде 37 мыңнан астам адамды құрайды. Жаңа оқу жылында 40 мыңнан астам адамды күтіп отырмыз», – деп жазды Саясат Нұрбек.
Бұдан бұрын Қазақстанда оқуға 550 шетел азаматына білім беру гранты тағайындалғанын хабарлаған болатынбыз.