Жаңа Конституцияда арнайы құқықтық режимдер енгізу мүмкіндігі бекітілді – депутат

Жаңа Конституцияда арнайы құқықтық режимдер енгізу мүмкіндігі бекітілді – депутат
Фото: Мәдина Әжікенованың жеке парақшасынан

Жаңа Конституция жобасында жекелеген өңірлерде арнайы құқықтық режимдер енгізу мүмкіндігі бекітілді. Мұндай пікірді Астана қаласы мәслихатының депутаты Мәдина Әжікенова әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Арнайы құқықтық режимдер - экономикалық даму құралы! Бұл тетік елдің экономикалық әлеуетін арттыруға, өңірлердің теңгерімді дамуын қамтамасыз етуге және инвестициялық тартымдылықты күшейтуге бағытталған. Арнайы құқықтық режимдер арқылы белгілі бір аумақтарда басқару, қаржы немесе сот жүйесінің ерекше тәртіптері белгіленуі мүмкін. Алайда мұндай режимдер шектеусіз емес - олар қатаң заңдық негізде, нақты мақсатпен және мемлекеттік бақылаумен ғана қолданылады. Бұл норма кәсіпкерлер мен инвесторлар үшін тұрақты әрі болжамды құқықтық орта қалыптастырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға және экономикалық өсімге жол ашады.Нәтижесінде өңірлердің дамуы жеделдеп, ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігі артады», - деді Мәдина Әжікенова.

Бұған дейін Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланғанын жаздық.