Жаңа Конституция жобасына енгізілген ғылым мен білім салалары ел дамуының стратегиялық басымдығына айналады - академик
Ұлттық ғылым академиясының академигі Вячеслав Локшин ғылым мен білім беруді ел дамуының стратегиялық басымдығы ретінде бекітуді көздейтін конституциялық реформаны қолдайтынын айтты. Оның айтуынша, ғылым мен мәдениеттің рөлін Конституция деңгейінде мойындау еліміздің алға жылжуының негізгі факторы саналады, деп хабарлады Elordainfo.kz Үкіметке сілтеме жасап.
«Ғылым, ғалымдар, мәдениет, білім мемлекетімізді дамытудың стратегиялық басымдығы ретінде танылады. Бұл мемлекет іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді қолдайтынын білдіреді. Медицина – ғылым ретінде осындай салалардың бірі. Конституцияда азаматтың денсаулығына қатысты құқығы бекітілген», - деп атап өтті Вячеслав Локшин.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланғанын жаздық.