04.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қырғызстанда президент сайлауы қашан өтетіні белгілі болды

|
Photo: Фото: ашық дереккөз
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қырғызстанда президент сайлауы қашан өтетіні белгілі болды

|
Photo: Фото: ашық дереккөз

Қырғызстанда 2027 жылғы 24 қаңтарда кезекті президент сайлауы өтеді. Бұл туралы Конституциялық заңнама, мемлекеттік құрылым, сот-құқық мәселелері мен регламенттері бойынша парламент комитетінің отырысында белгілі болды, деп хабарлады Elordainfo.kz 24.kg-ге сілтеме жасап.

Сайттың жазуынша, комитет «Қырғыз Республикасының президентін сайлау туралы» заңға енгізілетін түзетулерді мақұлдаған. Бұған мемлекет басшысы Садыр Жапаров бастамашы болған. 

Түзетулерге сәйкес, кезекті президент сайлауы президенттің өкілеттігі бітетін жылғы қаңтардың төртінші жексенбісіне белгіленді. Садыр Жапаров 6 жылға Қырғызстан президенті болып 2021 жылы 28 қаңтарда сайланды. Сәйкесінше, келесі кезекті сайлау 2027 жылғы 24 қаңтарда болады. 

Сондай-ақ, президент сайлауы сайлау күнінен 4 ай уақыт бұрын тағайындалады. 

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗