Қырғызстан Президенті өз резиденциясында Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алды
22 тамыз, 2025
Фото: akorda.kz
«Ынтымақ Ордо» резиденциясында Қырғыз Республикасына ресми сапармен барған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Президенттер бір бірімен амандасқаннан кейін екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров сап түзеген сарбаздардың алдынан жүріп өтті.


Бұдан кейін мемлекеттер басшылары ресми делегация мүшелерін таныстырып, келіссөз залына барды.

Ұқсас жаңалықтар
26 маусым, 2026
Мемлекет басшысы Венесуэла Президентінің міндетін атқарушы Делси Родригеске көңіл айту жеделхатын жолдады
25 маусым, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Наташа Пирц-Мусарды Словенияның Мемлекеттілік күнімен құттықтады
24 маусым, 2026
Тоқаев: Қазақстан маңызды минералдарды игеруде Еуропаға сенімді серіктес болуға дайын
24 маусым, 2026
Қазақстанның транзиттік әлеуетін нығайтуға бағытталған бірқатар келісімге қол қойылды