03.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

«Үй алуға көмектесемін»: Полицейлер астаналықтарды алдаған алаяқты анықтады

|
Photo: Фото: Оңалхан Өнерхан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

«Үй алуға көмектесемін»: Полицейлер астаналықтарды алдаған алаяқты анықтады

|
Photo: Фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы аясында «Есіл» ауданы полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен 34 жастағы әйелді ұстады, деп хабарлады Elordainfo.kz.  

Алдын ала тергеу мәліметтері бойынша, күдікті бірнеше азаматтың сеніміне кіріп, оларға тұрғын үй алуға көмектесемін деген сылтаумен алдаған. Ол өзінің жылжымайтын мүлік нарығында жұмыс істейтін таныстары бар екенін айтып, жалған құжаттар ұсынған. Нәтижесінде, ол жәбірленушілердің жалпы сомасы шамамен 15 миллион теңгені құрайтын қаражатын заңсыз иемденген.

«Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі бойынша (Ірі көлемдегі алаяқтық) қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде, осындай үш қылмыс эпизоды анықталды. Әйелдің бұрын сотталғаны белгілі болды», - делінген хабарламада.

Полицейлер азаматтарды сақ болуға, күмәнді ұсыныстар мен уәделерге сенбеуге, сондай жағдайлар туындаған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырады.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗