Үндістаннан келген студенттер Алматы маңындағы тасжолда жол апатынан қайтыс болды

8 қаңтар, 2026
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Үндістаннан келген студенттер Алматы маңындағы тасжолда жол апатынан қайтыс болды
Фото: Алматы облысы ПД баспасөз қызметі видеосынан кадр

Алматы облысы полиция қызметкерлері «Алматы-Бішкек» автожолының 86-шақырымында болған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс тіркеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Үндістанның Қазақстандағы елшілігінің мәліметінше, апат 6 қаңтарда болған. Автокөлікте Үндістанның бес азаматы  - Оңтүстік Қазақстан медициналық университетінің төрт студенті және бір турист болған. Олар Шымкенттен Алматыға қарай бағыт алған.

Алдын ала ақпарат бойынша, Toyota Alphard-тың 33 жастағы жүргізушісі көлік құралын басқара алмай, нәтижесінде көлік аударылды.

«Апат салдарынан жүргізуші алған жарақаттарынан қайтыс болды. Кейін екі жолаушы медициналық мекемеде қайтыс болды, тағы үшеуі түрлі жарақаттармен ауруханаға түсті. Қазіргі уақытта болған оқиғаның мән - жайын анықтауға бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», - деп хабарлады облыс полициясы.

Еске салайық, бұдан бұрын Бестеректегі қайғылы оқиғаға қатысты кінәлі жүргізушіге сот үкімі шыққаны туралы хабарладық.