ТЖМ құтқарушылары Алматы облысының тауларында туристті тапты

ТЖМ құтқарушылары Алматы облысының тауларында туристті тапты
Фото: ТЖМ

Түнде Алматы облысы Қарасай ауданының таулы аймағында, биіктігі 4400 метр болатын «Жас гвардия» шыңы маңында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Түскен ақпаратқа сәйкес, 1998 ж.т. жігіт 27 желтоқсан күні шамамен сағат 19.00-де «Жас гвардия» шыңына шығу үшін жолға шығып, сол уақытта соңғы рет байланысқа шыққан. Кейіннен оның ұялы телефоны өшіп қалған.

Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін ТЖМ күштері мен құралдары жұмылдырылды. Құтқару қызметінің қызметкерлері жоғалған азаматты «Кеңестер шыңы» маңынан тауып, оны «Үлкен Алматы көлі» бақылау-құтқару пунктіне дейін түсірді.

 Ол медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.