03.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

ТЖМ құтқарушылары жолда қалған жолаушыларға көмектесті

|
Photo: Фото: ТЖМ
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

ТЖМ құтқарушылары жолда қалған жолаушыларға көмектесті

|
Photo: Фото: ТЖМ

Қарағанды облысы Осакаров ауданы «Осакаровка-Молодежный» автожолының 54 шақырымында жолаушылары бар жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып, қозғалысын жалғастыра алмаған, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Көлік салонында 6 адам, оның ішінде 2 бала болды.

Құтқарушылар жол талғамайтын «Трэкол» көлігімен жолға шығып, қар құрсауында қалған көлікті тауып, жолаушыларды Осакаровка кентіне жеткізді. Оларға медициналық көмекке қажет болмады», - делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар министрлігі дауылды ескертулерге назар аударып, ауа райы нашарлаған жағдайда елді мекеннен тыс жерге жолға шықпауға кеңес береді.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗