Түркістанда 15 жасар қыздың асқазанынан бір келі шаш шықты

Бүгін, 13:18
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Түркістанда 15 жасар қыздың асқазанынан бір келі шаш шықты
Фото: Түркістан облысының ​​​​​​​әкімдігі

Түркістан қалалық балалар ауруханасында медицина тәжірибесінде сирек кездесетін әрі аса күрделі ота сәтті жүргізілді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Түркістан облысы әкімдігіне сілтеме жасап.

Он бес жастағы қыз бала шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. Тексеру барысында асқазан қуысында ірі көлемді бөгде зат анықталған. Дәрігерлер шұғыл шешім қабылдап, күрделі хирургиялық ота жасады. Нәтижесінде науқастың асқазанынан салмағы 900 грамм болатын шаш түйіні алынды.

«Ота екі сағат елу минутқа созылды. Хирургиялық бригада, анестезиологтар және орта медицина қызметкерлері бірлесе жұмыс істеп, отаны сәтті аяқтады. Қазіргі таңда науқастың жағдайы тұрақты, дәрігерлердің бақылауында», - делінген хабарламада.

Мамандардың айтуынша, мұндай жағдайлар медицинада өте сирек кездеседі және дер кезінде көмек көрсетілмеген жағдайда ауыр асқынуларға алып келуі мүмкін.