Қазақстаннан 13 Қытай азаматы шығарылды

Бүгін, 13:51
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Қазақстаннан 13 Қытай азаматы шығарылды
Фото: ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстанда заңсыз жүрген Қытайдың 13 азаматын анықтап, ұстады, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Тексеру барысында шетелдіктердің Қазақстан аумағында халықаралық интернет-алаяқтықтың жасырын схемасын ұйымдастырғаны анықталды.

Олардан компьютерлік техника, ұялы телефондар, «Starlink» спутниктік интернет байланысы жабдықтарының жиынтықтары, сондай-ақ криптоәмияндардағы ірі көлемдегі қаражат табылды.

2026 жылдың 16 қазанда шетел азаматтары әкімшілік тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылып, одан әрі тергеп-тексеру жүргізу үшін ҚХР-ның уәкілетті органдарына тапсырылды.

Еске салайық, бұған дейін Астана мен Алматы әуежайларында 19 шетелдіктің жалған құжатпен шекарадан өтпек болғаны туралы жаздық.