Тоқаев Польша халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

11 қараша, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Тоқаев Польша халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады
akorda.kz

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және өзінің атынан Кароль Навроцкийді Польша Республикасының ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Президент Қазақстан Польшаны Еуропа Одағы мен Шығыс Еуропадағы маңызды серіктесі деп білетінін және екі ел арасындағы ынтымақтастықтың аясы қарқынды түрде кеңейіп келе жатқанын жоғары бағалайтынын жазған. Сонымен қатар бірлескен күш-жігердің арқасында өзара тиімді байланыс келешекте де жетістіктерге толы болатынына сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Кароль Навроцкийдің аса жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Польша халқына құт-береке тіледі.